Ертегілер әлеміне саяхат

Негізгі емес сабақтар онкүндігі аясында инклюзивті қолдау кабинетінде «Ертегілер әлеміне саяхат» атты ашық топша сабағы өтті. Сабақты ассистент- мұғалімдер: Мелещенко Т.А. Кимелбаева З.Ж. Тихонова Л.Н. Лужецкая И.С өткізді.
Мақсаты: Ертегіге қызығушылықты ояту, ауызша халық шығармашылығына деген сүйіспеншілікті арттыру. Балалар аудио арқылы ертегілердің атын тапты, орыс халық ертегілерінен жұмбақтар мен кейіпкерлерді тауып, мысалдарды шешіп, әжелеріне себетке бәліштерді жинады. Сабақ соңында балалар көздерін жұмып, тілек айтты, сол кезде үстелдердің үстінде жеті түсті гүлдің сиқырлы магниті пайда болды. Балаларға сабақ өте ұнады.