«Тілдер күні»

22 қыркүйек — Қазақстан халықтарының тілдері күні ҚПИ-де дәстүрлі емес түрде өтті. «Күзгі калейдоскоп» интерактивті ойыны ұйымдастырылды.
Негізгі мақсат:
1. Оқушылардың уақыт белгілері туралы білімдерін жалпылау.
2. Мемлекеттік тілде — қазақ тілінде, ұлтаралық — орыс тілінде, ал халықаралық тілде — ағылшын тілінде ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту.
3. ABA терапия әдістерін қолдану.
Топтық сабақта оқушылардың үш тілде сөйлесу мүмкіндігі бар екенін көрсетті, күз мезгіліндегі табиғаттағы өзгерістер туралы ой-өрісін кеңейтті.