«Әрбір 88» ата-аналар жиналысы

Сәуірдің 15-і күні «Көгілдірді жарықтандыру» акциясы аясында ата-аналар, педагогикалық көмекшілер және «Болашақ» корпоративтік қорының кураторы Улденова Құмұсай Ұлмесханқызы «Әрбір 88» қысқаметражды фильмін тамашалады. Ата-аналар мен педагогикалық ұжымның бірлігі мен өзара түсіністігі, кабинетте жағымды және жайлы жағдай жасау үшін «шай үзілісі» ұйымдастырылды. Өйткені, барлық ата-аналар әртүрлі, сондықтан олармен жұмыс істеу формалары біз қолданып жүргендей емес, әртүрлі, белсенді болуы керек.