«Альтаир» мектеп ғылыми қоғамының ашылуы

20 қарашада «Альтаир» мектеп ғылыми қоғамының ашылуы өтті. Аталған іс-шара аясында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың 1 (мектеп) кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды. 23 білім алушы Ксения Киселеваның, Айдана Тәженованың «жыл оқушыларының» қолынан грамоталар алды. Сондай-ақ, салтанатты жағдайда 8 «А» сынып оқушысы Пернебаева Динара мектеп Парламентінің Президентіне айрықша белгі табыс етілді.