Жазғы мектеп

Оқушылардың білім сапасын арттыру және білім олқылықтарын толтыру мақсатында 2022 жылдың 26 мамыр – 17 маусым аралығында «Жазғы мектеп» жұмысы ұйымдастырылды. Сабақтар дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 14:00-ге дейін жүргізіледі. Оқу пәндері бойынша сабақтардың ұзақтығы 45 минутты құрайды. Кестеде түсініп оқу дағдыларын, талдау, салыстыру және қорытынды жасау қабілеттерін дамыту үшін күнделікті 20-30 минуттық дискуссия арқылы кітаптарды оқу кіреді.
Сабақтар сыныптың көлеміне қарамастан ұйымдастырылады.