«Көңілді саяхатшылар»

27 қазан күні 4-сынып оқушылары — Мирманова Наргиза мен Казак Артём қаламыздағы туризмді дамытуға арналған «Көңілді саяхатшылар» қалалық квест ойынына қатысуға барды. Квест қатысушылары көптеген жарқын әсерлер, тәжірибе және таныстар алды. Шара соңында әрбір қатысушыға сертификаттар табысталды. Осындай іс-шаралар мектеп оқушыларының коммуникативті дағдыларын дамытуға, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, азаматтық ұстанымы айқын, жауапты тұлға болып өсуіне ықпал ететінін айта кеткен жөн.