Оқушылардың оқу-танымдық әрекетін белсендіру бағдарламасы

28 қазанда 8 «Б» сыныбында ата-аналар жиналысы өтті. Тақырыбы: «Оқушылардың оқу-танымдық әрекетін белсендіру бағдарламасы». Мақсаты: сегізінші сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінің жетістігі мәселесін өзекті ету, оқушылардың оқу іс-әрекетіне деген ынтасын арттыру. Жиын барысында ата-аналарға мереке кезіндегі балалардың қауіпсіздігі, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері таныстырылды.