Сынып сағаты — «Ата-анамның мамандықтары»

Еңбек, экономикалық, экологиялық тәрбие беру бағытында 3б сыныбында 23 қараша күні «Ата-анамның мамандықтары» тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: ата-аналарды мамандықтармен таныстыру, мамандықтардың алуан түрлілігі туралы білімдерін кеңейту, әртүрлі мамандық иелеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Шара барысында оқушылар ата-аналарының мамандықтары туралы әңгімеледі. Олар «Кімдікі?», «Кім не істейді?», «Мамандықтар» ойындарына белсене қатысты.