📞 Балаларға, жасөспірімдерге және ата-аналарға арналған сенім телефоны
ЕГЕР ҚИЫН БОЛСА — ЖАЙ ҒАНА ҚОҢЫРАУ ШАЛ
Балаларға, жасөспірімдерге және олардың ата-аналарына психологиялық және кеңес беру көмегін көрсету мақсатында тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефоны туралы ақпарат беріледі.
Байланыс деректері:
📞 111 — бірыңғай тәулік бойғы сенім телефоны
📱 WhatsApp: +7 708 08 74 201
☎️ Телефон: 37-08-58
Кеңестер тегін және анонимді түрде көрсетіледі.
Көмек көрсететін ұйым:
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Психологиялық қолдау және тәрбиелік жұмыс жөніндегі өңірлік оқу-әдістемелік орталығы» КММ.
Орталық мамандары:
• психологиялық көмек көрсетеді;
• құқықтық кеңес береді;
• күрделі өмірлік жағдайларды шешуге көмектеседі.
Қандай мәселелер бойынша жүгінуге болады:
• құрдастармен қарым-қатынастағы қиындықтар;
• ата-аналармен және мұғалімдермен қатынас;
• буллинг, қатыгез қарым-қатынас;
• жеке уайымдар мен мазасыздық;
• достық пен алғашқы махаббат мәселелері.


